Қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллинов Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарын жеңіспен бастады.
Қазақстандықтардан алғашқы болып рингке шыққан Е.Зейнуллинов 63,5 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда иорданиялық Обада Алкасбехпен жұдырықтасты.
Өз спорттық жолында алғаш рет ірі жарыста ел намысын қорғап жатқан Ертуған үш раунд бойы жеңісіне күмән келтірген жоқ – 5:0.
Ертуған Зейнуллиновтің келесі қарсыласы – биылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионы, тәжікстандық Баходур Усмонов.
Ертуған Азиада барысында Б.Усмоновты жолдан тайдырса, өзбекстандық қандасымыз, әлем чемпионы Руслан Абдуллаевпен де кездесуі мүмкін.
Дүйсенбі күні Қазақстаннан Наталья Богданова мен Сәкен Бибосынов рингке шығады.