Италия киносының беткеұстары Софи Лорен Женевадағы үйінде жығылып қалып, ауруханаға түсті. Бұл туралы Aikyn.kz РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.
Оқыс жайт абайсызда болған. 89 жастағы актриса өз үйінде шалынып құлаған. Оны жедел жәрдеммен ауруханаға шұғыл жеткізіп, дәрігерлер денсаулығын тексерді. Беліне зақым келген әншіге ота жасалды. Операция сәтті өтті.
Дереккөздің жазуынша, отадан кейін актрисаның халі жақсарып келе жатыр.
Фото: yandex.kz