Болжам бойынша, таяу күндері республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында солтүстік циклон әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Найзағай ойнап, жел соғады.
Тек Қазақстанның батысында солтүстік-батыс антициклон ықпалынан ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында тұман күтіледі. Елдің шығысында түнде 1-3 градусқа дейін суық сақталады.
Фото: adonius.club