Ақтөбеде жігіттерді тонап кеткен екі қыз ұсталды

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақтөбеде бойжеткендер екі жігіттің телефонын жымқырып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

19 қыркүйекте полицияның «102» телефонына екі жігіт ұрлық дерегі туралы арызданды.

Арызданушылардың айтуынша, олар қаладағы дәмханалардың біріне тамақтануға барған. Дәмханада олардың үстелдеріне екі бойжеткен келіп отырған. Бойжеткендердің біреуі жігіттердің бірінің бұрынғы танысы болып шыққан.

«Телефондарын үстел үстінде қалдырып, сыртқа шыққан екі жігіт біраз уақыттан кейін келгенде телефондарын да, бойжеткендерді да таппай қалған. Жәбірленушілер өздеріне келтірілген шығын көлемін 83 мың теңгеге және 180 мың теңгеге бағалады», – делінген хабарламада.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының жазбалары арқылы күдіктілерді анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер кінәсін мойындады. Тергеу жүргізіліп жатыр.