Жеңімпаз атанған Ислам Сәтбаев пен Александра Ле аралас командалар арасында пневматикалық мылтық атудан (10 метр) қола медаль жеңіп алды.
Үшінші орын үшін матчта қазақстандық мергендер Иран спортшыларынан үстем болды.
Осылайша, Қазақстан қоржынында алты медаль бар (1 күміс және бес қола).
Бұған дейін бүгін сынға түсетін спортшылар туралы жазған болатынбыз.