Хабарламаны тексеру үшін дереу шұғыл қызмет өкілдері жұмылдырылып, ұшаққа тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, жарылғыш зат табылған жоқ.
Көліктегі ПД бастығы Бақытжан Малыбаевтың айтуынша, жедел іздестіру нәтижесінде, көлік полицейлері 1987 жылы туған шетелдікті ұстады.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабымен (Терроризм туралы жалған хабар – ред.) сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қаскүнем өз кінәсін мойындады. Күдікті қамауға алынды.
Фото: dzen.ru