Нұрлыхан Шархан Ханчжоудағы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, - деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
«Дзюдошы Нұрлыхан Шархан 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азиаданың қола медалін жеңіп алды», - делінген хабарламада.
Медаль үшін шайқаста Шархан Оңтүстік Кореядан келген қарсыласы Джонхун Вонмен кездесті.
«Қазақстандық дзюдошы иппон әдісімен жеңіске жетті. Бұл – Азия ойындарында Қазақстаннан келген дзюдошылар үшін бесінші медаль», - делінген хабарламада.
Отандық татами шеберлерінің активінде бір күміс және төрт қола жүлде бар.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның ерлер командасы нысана көздеуден күміс медаль жеңіп алғанын хабарлаған болатынбыз.