Грекияның орталық бөлігіндегі су басқан жазықтарда жайылып жүрген бір отар қой Альмирос қаласына жақын маңдағы медициналық мақсатта марихуана өсіретін жылыжайға кіріп кеткен. Қойлар өнімнің көп бөлігін, шамамен 100 келі марихуана жеп қойған.
Малшының сөзінше, ол қойлардың біртүрлі әрекетін байқаған, бірақ себебін түсіне алмапты.
Жылыжай иесі өнім онсыз да ыстық пен Дэниел дауылынан зардап шеккенін, ал қойлар содан қалғанды жеп кеткенін айтты.
Ол мұндай жағдайда не істеу керегін, күлерімді не жыларымды білмеймін дейді.
Ресми тұлғалардың сөзінше, Дэниел дауылынан болған су тасқыны салдарынан 100 мыңнан астам жануар мен мал мерт болған.
Тасқыннан қашқан жұрт үйдің шатырына шығуға мәжбүр болды. 17 адам қаза тапқан нөсер жауын 1930 жылдан бері тіркелген ең күштісі екен.
Жойқын орман өрттері жаңбырға ұласқаны айтылған болатын.
Ауылшаруашылық өнімдері де айтарлықтай зардап шекті.
Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакис климат өзгерісі елге айтарлықтай қиындық тудырғанын мәлімдеді.
Үкімет табиғат апатынан зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша қосымша шаралар қабылдау мүмкіндігін қарастырып жатыр.