Коронавирус тағы 8 елде анықталған
Коронавирус тағы 8 елде анықталған
Фото: Интернеттен алынды
240
оқылды
РИА Новостидің жазуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы соңғы тәулікте Қытайдан тыс елдерде тағы 1,7 мың адам коронавирус жұқтырғанын анықтады, жалпы жұқтырғандардың саны 10 мыңнан асқан. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми мәліметінше, Қытайдан өзге  мемлекеттерде вирус жұқтырғандардың саны 10 566 адамға жеткен. Соңғы тәулікте 72 елде тағы 1792 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Қайтыс болғандардың саны – 166 (кейінгі бір тәулікте – 37). Вирус тағы 8 елде: Португалия, Сауд Арабиясы, Тунис, Марокко, Латвия, Андорра, Иордания және Сенегалда анықталған. ДДСҰ соңғы мәліметі бойынша, Қытайдың өзінде коронавирус жұқтырғандарды жалпы саны - 80304 адам болса, 2946 адам қайтыс болған. Бүкіл әлемде вирусты 90 870 адам жұқтырған. Сонымен қатар, ДДСҰ мәліметі бойынша, коронавирусқа қарсы айына 89 миллион медициналық маска керек. Айта кетейік, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухань қаласында ауру тарағанын хабарлаған болатын.