92 килоға дейінгі салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай Ханчжоудағы Азия ойындарын сәтті бастады. Отандасымыз бірінші жекпе-жегінде моңғол боксшысын техникалық нокаутпен ұтып шықты.
Сағындық Бариахаан Доржға қарсы жекпе-жегінде айқын басымдық танытты. Бірінші раундта қарсыласын бір рет нокдаунға түсірсе, екінші раундта тағы да төреші нокдаун ашты. Нәтижесінде төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Айта кетейік, бұған дейін Сәкен Бибосынов, Ертуған Зейнуллин, Махмұд Сабырхан мен қыздар арасында Назым Қызайбай келесі кезеңге шыққан еді.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы