Азиада ойындары: қазақстандық боксшы Азия чемпионын жеңді

63.5 келі салмақта сынға түсіп жатқан қазақстандық боксшы Азия чемпионы және Әлем чемпионатының қола жүлдегері тәжікстандық Баходур Усмоновты тартысты өткен жекпе-жекте 3:2 есебімен жеңді.

Ертуған Зейнуллинов Азия ойындарының ширек финалына шықты.

63.5 келі салмақта сынға түсіп жатқан қазақстандық боксшы Азия чемпионы және Әлем чемпионатының қола жүлдегері тәжікстандық Баходур Усмоновты тартысты өткен жекпе-жекте 3:2 есебімен жеңді.

Бахадур Ташкентте өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері және 2019 жылғы Азия чемпионы.

Екі боксшы арасындағы кездесу өте тартысты өтті. Жекпе-жек басталысымен екеуінің де қабағы жарылып, дәрігерлер екі спортшыға да бірнеше рет көмек көрсетті.

Сондай-ақ, екі боксшы да бір-бірден нокдаун алды. Төрешілер тартысты кездесуде 3:2 есебімен жеңісті қазақстандыққа берді.

Фото: Нұрғали Жұмағазы