Азиада-2023: Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір медаль түсті

ХІХ жазғы Азия ойындары Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатыр.

Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды,  деп хабарлады Olympic.kz.

Қазақстандық семсерлесушілер командалық есепте  3-орын алды. Олар жартылай финалға шығып, Оңтүстік Корея спортшыларынан 41-45 есебімен жеңіліп қалды.

Ел қоржынына түскен кезекті медальді Артем Саргсян, Жанат Нәбиев және Назарбай Саттархан салды.

 

Фото: olympic.kz