Қарағанды қаласы тұрғындарының басым бөлігі жарықсыз қалды. Қазір жергілікті билік төтенше жағдайды жоюмен айналысып жатыр.
Қазір қанша абонент энергиядан ажырап қалғаны белгісіз. Себебі анықталып жатыр.
«Қорғаныс тетігінің іске қосылуынан ЖЭО-3-та технологиялық ақау туындады, салдарынан 220 кВ-тық Ашық тарату құрылғысы тоқтап қалды. Себебі мен мән-жағдай анықталып жатыр, сондай-ақ жарықсыз қалған абоненттер саны да нақтылануда», – деді қала әкімдігінің баспасөз қызметінде.