Брифинг барысында Көлік министрлігіне қарасты комитет басшысы Әли Алтай inDrive және Яндекс жүргізушілері көбірек тапсырыс аламын деп дұрыс демалмайды, салдарынан жолда абай бола бермейді.
"Олар (такси жүргізушілері) бір күнде тоғыз сағаттан артық жұмыс істемеуі керек. Мұны елемегендер ақырында жолдағы қырағылықты жоғалтады. Бізде жол апатының 35%-ы осындай жағдайға байланысты", – деп атап өтті Әли Алтай.
Қазақстанда inDrive және Яндекс жеке тасымалдаушылардың жауапкершілігін қарастыратын заңға енгізілуі тиіс түзетулер дайындалуда. Сонымен қатар, көлік министрлігі заңсыз такси жүргізушілеріне қарсы күрестің Жол картасы әзірленіп жатқанын да айтты. Енді inDrive мен Yandex таксидің заңды жүргізушілері тәулігіне 8 сағат қана жұмыс істей алады деп бажайланады.