Азаматтық авиация комитеті басшысы Талғат Ластаев Қазақстан әуе компаниясын ашатын инвесторлар үшін ашық екенін атап өтті.
"Жаңа арзан әуе компаниясын ашуға біз ашықпыз, қазір әртүрлі компаниялармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз, ешқандай шектеу жоқ. Мендегі мәлімет бойынша қазір бірнеше инвестор жолаушылар, жүк тасымалдау компаниясын құру мүмкіндігін қарастыруда. Негізінде қазір қарастырылып жатқан таза бизнес-модель және мүмкін болашақта инвесторлардың бірі қаражат құйып, компания құрылатын шығар", – деді ол.
Оның айтуынша, Қазақстанда ресми бекітілген шектеулер жоқ.
"Бұл ресейлік инвесторлар емес, бұл Парсы шығанағы, Қытай және Оңтүстік-Шығыс Азия инвесторлары", – деп түйіндеді сөзін Талғат Ластаев.