Қазақстандық триатлоншы Азиада ойындарында жүлдегер атанды

Бұл туралы Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық құрама мүшесі, триатлоншы Аян Бейсенбаев Ханчжоуда өтіп жатқан Азиада ойындарында қола медальға ие болды.

А.Бейсенбаевтың жүзуден 1500 метрді бағындырып, велоэтаппен 40 шақырым жүріп өтіп, 10 км жүгіріп шыққандағы уақыты – 1:52:25.

Айта кететін болсақ, алтын медальді жапондық спортшы Кенжи Ненер (1:50:54) алды, күміс медаль да Жапониядан келген спортшы Макого Одакураға (1:51:49) бұйырды.