"Жалданып қой баққан": Шымкентте 48 жастағы ер адам іздестіріліп жатыр

Ол 3 айдан бері хабар-ошарсыз жоғалып кеткен.

Абай АПБ-на жергілікті азаматша інісінің жоғалғанын айтып арызданды. Ол маусым айында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған, – деп хабарлады polisia.kz.

Әпкесінің айтуынша, бауыры жалданып, қой бағумен айналысқан. Ұялы телефон қолдануды білмейді. Үйіне ай сайын келіп тұрған. Осы жолы ештеңе ескертпестен шығып кетіп, 3 айдан бері хабар-ошарсыз жоғалып кеткен.

Тансыкбаев Асен – 1975 жылы туған. Бойы 165-170 см, орта денелі, шашы қысқа қоңыр түсті. Үстінде қара шалбар, қара футболка, қара түсті аяқкиім болған.

Егер, суретте көрсетілген ер адамды көрген-білгендер болса немесе ол туралы қандай да бір ақпарат білсеңіздер бірден полицияның «102» арнасына немесе 98-07-10, 8700-097-13-13, 8775-777-23-07 нөміріне хабарласыңыздар.

Фото: polisia.kz