Синоптиктердің болжамы бойынша, республикамыздың шығысында, оңтүстік-шығысы мен орталық аймақтарында жаңбыр жауады. Еліміздің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
"Қазақстанның шығыс, оңтүстік-шығыс, орталық өңірлерінде әлі де жаңбырдың жаууына ықпал ететін төмен қысымды өрістер мен атмосфералық фронттар жүреді, түнде Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Еліміздің қалған аумағында антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республикамыз бойынша тұман тіркеліп, оңтүстік-шығыс, күндіз орталық өңірде екпінді жел тұрады деп күтіледі", – деп жазды "Қазгидромет" РМК.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында сынап бағаны 1 градус суықты көрсетеді деп күтіледі.
Түркістан облысында, Қызылорда өңірінің орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл, Қарағанды облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысында өрт қаупі сақталады, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.