Оралда көлік ағашқа соғылып, 2 адам көз жұмды

Орал қаласында автокөлік ағашқа соғылып, екі адам қаза тапты.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға Деркөл кентінде болды.

"30 қыркүйек күні шамамен сағат 00.20-да 29 жастағы жүргізуші "Мерседес Бенц" автокөлігінің руліне ие бола алмай қалып, В.Даль көшесі, 9-үй жанында жол шетіндегі ағашқа соғылған. Салдарынан жүргізушімен бірге 58 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды. 33 жастағы тағы бір жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілді.

Көлік арнайы тұраққа қойылды. Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде", – деп хабарлады ведомстводан.