Жақында ғана тұрмысқа шыққан Әсел Сәдуақасова күйеуінен бөлек тұрып жатқанын айтты

Жақында ғана өзінен 10 жас кіші азаматқа күйеуге шыққан актриса Әсел Сәдуақасова күйеуімен қазіргі қарым-қатынасы нашар екені туралы айтты. Үйленгендеріне біраз болмаса да, бөлек тұруға келіскен, – деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Үш ай бұрын отбасылық өмірге қадам басқан жұптың қазір аралары мәз емес. Бір-бірімен түсінісе алмай, психологтардың кеңесіне сай уақытша бөлек тұруды жөн көрген екен. Бірге тұрған сәттен бастап сирек кездесіп, сөйлесетіндерін айтты. Актрисаның жанжал шығарып жылап қалатын сәттері де болған екен. Өнер иесі өзін жаман сезінгеніне байланысты психологтың көмегіне жүгінген. 

“Біз Қазақстанға келгелі ата-анамен танысу, тойға дайындық басталды. Одан қалса күйеуімнің көптеген жобалары болды. Бірге өмір сүріп бастасақ та, өте сирек кездесетінбіз. Жиі үйде болмайтын. Түнгі сағат 4, 5, 6 шамасында келетін. Бірақ мен ештеңе айтпайтынмын. Ашуымды, ренішімді іште сақтадым.  Бір-бірімізді тыңдау үшін, отбасымызды сақтау үшін бір ай бөлек тұру туралы айттым. Психологтардың мәліметінше, арақатынастағы дағдарыс кезінде уақытша бөлек тұрғанның пайдасы зор. Солай 90% неке сақталады. Кеше біз ұзақ  уақыттан бері ашық сөйлестік. Әрқайсысымыз өз қорқынышымызды, ненің көңілімізден шықпай тұрғанын айттық. Мағжан мені уайымдатқан нәрселерді айтқан кезімде таңғалды. Мен бұдан былай өзіме ұнамаған нәрселерді жасамауын сұрадым", – деді актриса.