Еліміздің бірнеше өңірінде жылыту маусымы басталды. Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ең алдымен, әлеуметтік нысандар жылытуға қосылады.
Жылыту маусымы Астана қаласында, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында басталды.
Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында 24 әлеуметтік нысанның 23 немесе 96%-ы қосылған. Тұрғын үйлерге ыстық су берілді. Павлодар облысының Екібастұз қаласы бойынша 90 әлеуметтік нысанның 26 немесе 28,8% - ы қосылған. Астана қаласында 240 әлеуметтік нысанның 86 немесе 35,8%-ы қосылған.
3 қазанда Алматы облысында; 10 қазанда Ұлытау облысында; 15 қазанда Алматы, Абай облысында, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында жылытуға қосылу күтілуде.
Жылыту маусымын Шымкентте 20 қазаннан, Түркістан облысында 25 қазаннан бастау жоспарланып отыр.