Chat GPT, жерден тыс өркениет, роботтар. Nobel Fest-те қандай тақырыптар талқыланады?

GPT-дің бізге қандай пайдасы бар? Климат қалай өзгереді? Блокчейндегі трендтер қандай болады? Роботтар әлемді қашан жаулап алады? Басқа планеталарда өмір бар ма? Келесі пандемия қалай әсер етеді?

5-6 қазан аралығында Астанада өтетін, әлемнің түкпір-түкпірінен заманауи ғылымның көрнекті тұлғалары – Нобель сыйлығының лауреаттары, ғылыми Оскар иегерлері, жоғары деңгейдегі ғалымдар, сонымен қатар стартаптар мен бизнесмендердің басын қосатын, қазақстандықтар асыға күткен ғылыми фестиваль – Nobel Fest барысында осы тақырыптар талқыланатын болады. 

Фестиваль бағдарламасы үш негізгі бағытта (үш кезең) өрбиді.

Бірінші трек – инновация. Мұнда соңғы технологиялық жетістіктер, жасанды интеллект, GPT сияқты өнертабыстар, нейрондық желілер туралы сұрақтар талқыланады. Жаңа индустриялар, роботтар және еңбек нарығының болашағы қалай өзгеретіні де айтылады.

Екінші трек ғылыммен байланысты, жақын арада ашылатын құпиялар туралы сұрақтарды және адамның миы мен санасын зерттеуді қамтиды. Сондай-ақ, кванттық компьютерлер, жерден тыс өмір мен өркениеттерге қатысты мәселелер талқыланады.

Үшінші трек біліммен байланысты және осы саладағы заманауи тәжірибелерді, сондай-ақ цифрлық дәуірде қандай дағдылар мен білімнің маңызды бола бастағанын ашады.