4 спорт кешені пайдалануға беріледі

Алматы қаласы мәсли­ха­ты­ның депутаты, «AMANAT» пар­тиясы Қоғамдық даму, мә­­­дениет, спорт, дін істері жә­не жастар істері жөніндегі ко­миссияның төрағасы Асия Ақа­нованың жетекшілігімен кеңес өтті.

Кеңесте мәдениет пен спорт, дін істері мен жастардың салауатты өмі­рі мәселелері жан жақты тақы­лан­ды. Алматы қаласының тиісті мем­лекеттік органдарының өкіл­де­рі «AMANAT» партиясы Сай­лауал­­ды бағдарламасының Жол кар­тасын 2023 жылы іске асырылуы туралы баяндама жасады.

Алматы қаласының Спорт бас­қар­масы басшысының орынбасары Бек­жан Онжан бірнеше оң бағыт­та­ғы жұмыстардың барысы туралы есе­бін ортаға салды. Оның айтуын­ша, жыл соңына дейін 4 спорт ке­шендері пайдалануға беріледі. Одан бөлек, спорттың шағын фут­бол, баскетбол, волейбол сияқты түр­лері бойынша мектеп лигалары құ­рылып, қатарға 214 білім беру мек­тебінен 30 мың оқушы тар­тыл­мақ. Ал спорттың футбол, бас­кет­бол, волейбол сынды түрлері бойын­ша студенттік лигалар жұмыс жа­сау­да. Қаладағы ЖОО-нан барлығы 20 мың студент қамтылған екен. 

Басқарма басшысының мәлі­ме­тінше, Алматыда тұрақты негізде де­не шынықтырумен және спорт­пен айналысатын 792 мың азамат бар болса, оның 383 мыңы балалар мен жасөспірімдер.