Қайтарылған активтер мемлекет дамуына бағытталады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төраға­лы­ғымен заңсыз иемденілген активтерді қайтару мә­селесі жөнінде кеңес өтті.

Жиынға Премьер-Министр Әлихан Смайылов, Пре­зи­дент Әкім­шілігінің Басшысы Олжас Бектенов, Ұлттық қауіп­­сіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев, Пре­мьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұ­рат Нұртілеу және Бас прокуратураның басшылығы қа­тыс­ты.

Мемлекет басшысына кеңестің күн тәртібіндегі мәселе бойынша қабылданып жатқан шаралар мен бұған дейін беріл­ген тапсырмалардың орындалу нәтижелері туралы баян­далды.

Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік әділдікті қалпына кел­тіруге және мемлекетке қайтарылған активтерді елімізді да­мыту үшін пайдалануға бағытталған бұл жұмыстың маңыз­дылығын атап өтті.

Мемлекет басшысы осы іске жұмылдырылған барлық мем­лекеттік құрылымның жұмысын жандандыру қажет еке­нін айтты.

Жиын соңында Президент бірқатар нақты тапсырма бер­ді.