Президент Елеусін Сағындықовты қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұзақ жылдар бойы әртүрлі жоғары лауазымды мемлекеттік қызмет атқарған еңбек ардагері Елеусін Сағындықовпен кездесіп, елдің дамуы жөнінде пікір алмасты.

Елеусін Сағындықов Президенттің бастама­сы­мен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси-эко­но­ми­калық реформаларға қолдау білдірді. Сондай-ақ Мем­лекет басшысының биылғы «Әділетті Қа­за­қ­стан­ның экономикалық бағдары» атты Қа­­зақ­стан хал­қына Жолдауында айтылған негізгі мін­деттерді жү­зе­ге асыруға, атап айтқанда өңірлердің да­муын­да­ғы басымдықтарды айқындауға, сондай-ақ жер­гі­лікті және орталық атқарушы органдардың жұ­мысын жетілдіруге қатысты ұсыныстарын жет­кізді.