Азиада-2023: Ағайынды Емельяновтар күміс жүлдегер атанды

Ағайынды спортшылар мәре сызығын екінші болып кесті.

Қазақстандық спортшылар Сергей мен Тимофей Емельяновтар Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды.

Ағайынды спортшылар каноэ есуден 1 мың метр қашықтықты артқа тастап, мәреге өзбекстандықтардан кейін екінші болып жетті. Үшінші орынға үндістандықтар жайғасты.

 

Фото: olympic.kz