Қарағандыда немересі әжесінен 7 миллион теңгеден аса ақша ұрлап кеткен

Жедел іздестіру шаралары барысында полиция күдіктіні – жәбірленушінің немересін, яғни 23 жастағы ер адамды ұстады.

Қарағандыда немересі әжесінен 7 миллион теңгеден аса ақша ұрлап кеткен, – деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

Қаланың оңтүстік-шығыс полиция бөліміне 61 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Зейнеткер белгісіз біреу пәтерге кіріп, 7 миллион 180 мың теңге ұрлап кеткенін айтқан. Оқиға орнын тексеру кезінде полицейлер екі жағдайға назар аударған: үйдің есігі бұзылмаған, екіншіден, пәтер шашылмаған. Яғни, шабуылдаушы жәбірленушінің ақшасы қай жерде екенін білген. Бұл деректер күдіктіні жәбірленуші жақсы білетін адамдар арасынан іздеуге болатынын көрсеткен.

Жедел іздестіру шаралары барысында полиция күдіктіні – жәбірленушінің немересін, яғни 23 жастағы ер адамды ұстады. Ол істеген ісін мойындады. Ұрланған ақша тәркіленді. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.