Елена Рыбакина Қытайдағы WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты

Елена Рыбакина қарсыласынан 7:5, 6:0 есебімен басым түсіп, турнирдің үшінші айналымына жолдама алды.

Қазақстанның бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Бейжіңдегі WTA 1000 санатындағы турнирдің екінші айналымындағы матчын өткізді, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Қазақстандық теннисші 1/16 финалда германиялық теннисші Татьяна Мариямен кездесті.

Елена Рыбакина қарсыласынан 7:5, 6:0 есебімен басым түсіп, турнирдің үшінші айналымына жолдама алды. Онда ол ресейлік теннисші Мира Андреевамен ойнайды. Матч ертеңге жоспарланған.