Грантқа түсіріп береміз: Ақтауда 100-ден астам адам алаяққа алданып қалды

Ақтауда 100-ден астам адам университеттен грант алып беремін деген алаяқтарға алданып, ақша берген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақтаудағы Yessenov университетінде жанжал шықты. Белгісіз біреулер өздерін университет қызметкерімін деп таныстырып, ата-аналарға белгілі бір сомаға балаларына мемлекеттік грант алып беруге уәде берген. Алайда оқу жылы басталғанда, олардың балалары студенттер тізімінде мүлдем жоқ болып шыққан. Бір топ ата-ана университет басшылығына келіп, жағдайды түсіндіруді талап етті. 

Yessenov университетінің баспасөз қызметі ата-аналардың оқу орнына еш қатысы жоқ алаяқтардың құрбаны болғанын хабарлады.

"Қызметтік тексеріс жүргізіліп, әр ата-анаға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған іс бойынша университет тарапынан да полицияға арыз түсті. Қазіргі уақытта полицейлер алаяқтық жасады деген күдіктіні ұстады. Қылмыстық іс қозғалды", – делінген хабарламада.