«Қоғамдық бақылау туралы» заң халықтың игілігіне арналды – мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қоғамдық бақылау туралы» және қоғамдық бақылау, әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдарға қол қойды.

Бұл заңдарды халық көптен күткен құжат деп атауға болады. Се­бебі заң әділетті мемлекет құ­ру­дағы қоғамдық қатынастарды рет­теуге нақты механизмдерді қа­рас­тырған. 

«Қоғамдық бақылау туралы» заң­ның басты мақсаты – азамат­тар­дың мемлекет істерін басқару­ға қатысуын қамтамасыз ету.

«Енді аталған заң нақты қай проб­лемаларды шешеді?» – деп нақ­ты тоқталатын болсам. Бірін­ші­ден, мемлекеттік органдар мен ква­зимемлекеттік сектор жұмы­сы­­ның «ашықтығы» деңгейі жо­ға­­рылайды. Екіншіден, аза­мат­тар­дың мемлекет істерін басқару­ға ұмтылу деңгейі өседі. Үшінші­ден, мемлекет пен қоғам арасын­да­ғы өзара сенімнің деңгейі жо­ғары­лайды.

Ілеспе заң арқылы мемле­кет­тік органдардың петицияны қа­рау мерзімдері орталық мем­ле­кет­тік органдар үшін 40 күн, ал жер­гілікті атқарушы органдар  үшін 20 күн болды. 

Сондай-ақ қоғамдық-эколо­гия­­лық бақылау жүзеге асыры­ла­тын субъектілер саны артты және әс­­кери оқу орындары тәр­бие­лену­шілері мен ұландарының, ка­деттері және курсанттарының өмі­рі мен тұрмысын көру үшін жа­қын туыстарына баруға рұқсат етіл­ді. Бұл дегеніміз – әскери кур­санттардың жақын туыстары ту­ған ата-анасы осы әскери оқу орын­дары мен бөлімшелерге бара ала­ды, тамақтануы, тәртібімен та­нысуына мүмкіндік бар.

Әкімшілік және рәсімдік про­цес­тік кодексте петицияларды беру және қарау тәртібі бекітіліп отыр. Петицияны Қазақстан Рес­пуб­ликасы азаматтары арнайы ин­тернет портал арқылы бере ала­тын болады. Уәкілетті орган пе­тиция жария болағанға дейінгі заңда бекітілген шарттарға сәй­кестігін қарайды. Сонымен қатар петицияға берілген күннен бастап электронды түрде 10 жұмыс күні ішін­де, ал қағаз күйінде 20 жұмыс күні ішінде елімізде 50 азамат қо­сылуы қажет. 

Петицияны міндетті түрде қа­рау үшін оларды қолдайтын дауыс­­­тың шекті мәндері бекітілді. Ау­дан­дық деңгейде аудандық әкім­дік­тер қарауы үшін халқы 50 мың­­­нан асатын болса 2,5 мың дауыс жинауы тиіс, халық саны­ның кемінде 5 пайызы. Ал аудан­дық деңгейдегі мәслихаттар қа­рауы үшін халқы 50 мыңнан аса­тын болса, 5 мың дауыс болуы ша­рт, яғни халық санының кемін­де 10 пайызы керек. Облыстық дең­гейдегі әкімдіктер үшін тиісті әкім­шілік-аумақтық бірлік тұр­ғындарының 1 пайыз дауысы жә­не облыстық деңгейдегі мәс­ли­хаттар қарайтын петиция тиісті әкім­шілік-аумақтық бірлік тұр­ғындарының кемінде 2 пайызы болуы шарт. Ал республикалық дең­гейде Үкімет қарайтын пети­ция кемінде 50 мың дауыс жинауы абзал. 

Бұл азаматтардың қажеттілік­теріне ден қою. Сол жердегі мем­ле­кеттік органдардың ашықты­ғын және азаматтар тарапынан кө­теріліп отырған сұрақтардың ашық­тығы мен жеделдігін арт­тыру үшін, азаматтық қоғамның мем­лекетті басқаруға қатыстыру үшін петиция институты енгізіліп отыр. 

Бұған дейін әртүрлі ресурста бол­ған бір ресурста болады. Со­сын дауыстың шекті мәнін айтып өт­тім, сол шекті мәні жиналған жағ­дайда мемлекеттік органдарда қа­ралады. Олар ауданда әкімдік, ау­дандық мәслихат облыстық әкім­дік пен облыстық мәслихат жә­не республика деңгейінде  Үкі­мет.  Сол қараудың негізінде ше­шім қабылданады немесе пети­ция­ны қанағаттандырудан дә­лел­ді бас тарту туралы уәжді жауап­та­ры да авторларға жолданатын бо­­лады. Бұның барлығы заңмен рет­теліп отыр. Бүгінде бей­бере­кет­сіздікті реттеуге арналып отыр. Бұл да бір саяси мәдениеттің, со­­­­ны­мен қатар билік пен бұқа­ра­ның ара­сындағы саяси диалогтің жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал етеді деп ойлаймын.

Заң мемлекет пен азаматтық қо­ғамның қоғамдық бақылау са­ла­сындағы өзара іс-қимылының мә­нін, қағидаттары мен стан­дарт­тарын бірыңғай түсінуді қам­тамасыз етеді.

Қоғамдық бақылауды қалып­тас­тырып, дамыту – қоғамдық ба­­­қылау объектілерінің қызметін ел және халық мүддесіне сәйкес жү­­­­зеге асыруға негіз болады. Жол, мектеп, бюджет және басқа да сұрақтардың шешімінде сы­бай­лас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеуге, қоғамдық-саяси жә­не әлеуметтік-экономикалық мә­селелердің жүйелі шешімінде би­лік пен қоғам арасындағы се­нім­ді арттыруға мүмкіндік береді.

Тұтастай алғанда, заң қо­ғам­дық бақылауды ұйымдастырудың және жүзеге асырудың бірыңғай қа­ғидаттары мен рәсімдерін, қо­ғам­дық бақылау нысандары мен инс­титуттарының құқықтық ба­за­сын жүйелеуге мүмкіндік бе­ре­ді.

Халықаралық тәжірибеге тоқ­та­лар болсақ, халықаралық заң­на­маны, жақын және алыс шет­ел­дердің заңнамасын талдағанда қоғамдық бақылауды жүзеге асы­ру мәселелері халықаралық шарт­тар, конвенциялар және са­ла­лық заңдар деңгейінде регла­мент­телгенін аңғаруға болады.

Мысалы, АҚШ пен Еуропа­лық одақ елдерінде «Қоғамдық ба­­­­қылау» термині» қоғам тара­пы­нан мемлекеттің қызметін ба­қы­лау­ды білдіреді. Қоғам – бақылау су­бъектісі, мемлекет – бақылау объек­тісі.

Скандинавия елдеріндегі қо­ғамдық бақылаудың халықаралық тә­жірибесі мемлекеттің бақы­лау­шы­сы ретінде бүкіл қоғам өзінің әр­түрлі институты: кәсіпкерлік жә­не кәсіподақ, жалпыұлттық, жас­тар мен ардагерлер, адам құ­қық­тары мен тұтынушылар, сон­дай-ақ қоғамдық басқарудың әр­түрлі саласындағы қоғамдық ұйым арқылы әрекет етуі  нақ­ты­ланған.

Англосаксондық құқық жүйе­сі елдерінде қоғамдық бақылауды не­гізінен көптеген қоғамдық ұйым жүзеге асырады, олар­дың кейбіреулерінің тиімділігі ерекше назар аударуға тұрарлық. 

Еуропалық одақ аясында қо­ғам­дық ұйымдар тікелей қоғам­дық бақылау органдарын құра алады.

 

Бердібек ҚАБАЙ