Түркістанға инвесторлар келді

Түркістан облысының экономикасы мен халықтың әлеуметтік жағ­дайын көтеру басты назарда.

Бүгінде облыста ауыл шаруашылығы жә­не туризм саласымен қатар, өндіріс ошақтарын салу маңызды болып тұр. Осы бағытта өңірге инвестицияны көбірек тартып, жұмыс орындарын ашу, өндіріс орындарын көбейту бағытында ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Айталық, жыл басынан бері облыс басшылығы 10 елдің сексенге жуық өкілдерімен кездескен. Атап айтқанда, Түркия, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Германия, Италия, Жапония, Корея, Че­­­­­хия, Грузия сияқты елдер бар. Оның ішінде, инвестиция тарту ба­­­ғы­­­­­тында сыртқы байланыстарды орнату мақсатында 30 шетелдік ин­­­­вестормен және 10 ресми делегацияның (Шетелдік Елшілер – Бас консулдар және т.б.) кездесулері ұйымдастырылды. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының басшылығымен өткен облыс әкімдігі аппаратының апталық отырысында айтылды. 

Жиында облыс басшысы Дархан Аман­­­гелдіұлы өңірге инвестиция тарту ба­ғытындағы жұмыстар қарқынды жал­­­­­­ға­­­­­суы тиіс екенін жеткізді. Атап айтсақ, облыс басшысы мәжілісте жоғарыда атал­­ған жұмыс­тардың нәтижесі туралы талқы­лап, алдағы жоспарларды пы­­­­­сық­тады.

– Келіссөздер арқылы нақты нәти­­­­­­жеге қол же­тетін болсын. Инвесторларға жағдай жасап, өндіріс орындарын ашуға қолдау көрсетіңіздер. Әрбір әкім­нің жұ­­­­­­­­мысы жеке талданып, сарап­талады, – деді Дархан Сатыбалды.

Айта кетейік, биыл Түркістан облы­­­сының жауапты басқарма басшысы (Кәсіп­керлік және өнеркәсіп басқар­­­­­­­масы) мен аудан, қала әкімдері Қытай мен Өзбекстан мемлекеттеріне іссапар­­­­­мен барып, өндірісті дамыту бағытында тәжі­рибе жинақтап келген болатын.

Жиында Түркістан облысының Кә­­­сіпкерлік және өнеркәсіп басқар­­­масы­­ның басшысы Нұржігіт Мырзахме­­­тов­тың ҚХР және Өзбекстан елдеріне жа­­­­са­­­­ған ісса­­­­парлары барысының есебі тыңдалды.

«Облыстық кәсіпкерлік және өнер­­­­кәсіп басқар­масының ережесіне сәйкес, басқарма өз құзіреті ше­гінде, сыртқы бай­ланыстарды орнататын мемлекеттік орган екені өздеріңізге белгілі. Атап айт­қанда, шетел­дерде инвестициялық және кәсіп­кер­лік саласындағы өтетін Форум­­дар, роуд-шоу­лар және В2В кездесулерге об­лыс деле­гациясының қатысуын, со­­дай-ақ өңірімізге өзге елдерден кел­ген ресми деле­­­гацияларды (ҚР СІМ но­та­сына сәй­­кес) облыс әкімдігі бас­­шы­лы­­­­­­ғы­­­­мен кез­­десулерін ұйымдас­­­­тыра­­ды», – деді Н.Мы­рзахметов.

Оның айтуынша, облыс басшылығы барған Түркия, Қытай, Өзбекстан, Ре­­­сей, Германия, Италия, Жапония, Ко­­­­­рея, Чехия, Грузия сынды ұзын саны 10 елдің сексенге жуық өкілімен келіс­­­­­­­сөз­­­­­дер жүр­­ген. Сонымен қатар солардың ішінде 30 шетелдік инвестормен және 10 ресми деле­гациямен инвести­ция тарту бағытын­­да сыртқы байланыстарды ор­­­на­­­­­­ту бойын­ша келіссөздер жүргізген.

Қытай Халық Республикасына іс­­сапар аясында екіжақты ынтымақ­­­тас­­тықты одан әрі дамыту және қытайлық инвестор­ларды облысқа тарту мақсатын­­да 10-нан астам компаниямен 2,6 трлн тең­­­­гені құрайтын келісімдерге қол қойыл­­ған. Облыстың кәсіпкерлері Қытайдан инвестиция тар­­­тып, жобаларды жүзеге асыру жұмыс­­та­­­рын бастап кеткен. Атап айтқанда, «Тұ­ран-мебель» жиһаз шығару зауытына 2,3 млрд теңгеге құрал-жабдық сатып алған. 

«Қазақстан 2023–Қытай» компания­­сының шұлық өнімдерін шығару үшін қажетті құрал-жаб­дықтарды 1,0 млрд тең­­­геге сатып алды. Жобаны іске қосу қа­­­­­­зан айының соңында жоспарлануда.

Қытайлық Пэн Шэн Групп (PengSheng Group) компаниясы жалпы құны 19,0 млрд теңгеге облыста мақта шитін өң­деу және сұрыптау, полиэтилен плен­­каларын өндіру, тамшылатып суару жаб­дықтарын өндіру және ауыл шаруашы­­лығы техника­ларын шығару зауытын қоюға ниетті. Осы бағытта шетелдік ин­вес­тор зауыттың ал­дын ала есептеу жұ­мыс­тарын жүргізуде. Аталған мәселе­лер бойынша биылғы тамыз айында инвес­тор облыс басшы­лығы­мен кездескен.

Mega-Agat ЖШС жалпы құны 4,7 млрд теңге болатын алюминий ра­диа­торларын шығару зауытын жүзеге асы­руды жоспар­­лау­да. Қазіргі уақытта инвестор жобаны жүзеге асыру үшін Жейанг Навас Ин­дастри (Zhejiang Navas Industry аnd trade Co., Ltd) ком­­паниясымен келіссөздер жүр­гізуде.

Сэтрон Силк Роуд Глобл Индаcтри (CETRON Silk Road Global Industry Co., Ltd) жалпы құны 2,6 трлн теңгеге об­лыста күн батареяларды шығару, элек­тро­­мо­бильдер шығару және тоқыма өнім­­­­дерін өндіру зауыттары инвести­циялық жоба­ларын жүзеге асыруды жос­парлауда. Қазір аталған зауыттарды жү­зеге асыруды бастау үшін Инвестор мен облыс әкімдігі ар­асын­да меморан­­думға қол қойылған.

«Cotton-мақта» ЖШС компаниясы Сван Мэшинери (Swan Machinery Co. Ltd) зауытынан жалпы құны 1,2 млрд теңгеге қуаттылығы 600 тонна мақта өң­дейтін құрал-жабдықтар сатып алды. «Cotton-мақта» ЖШС мақта өңдеу зауы­ты 2023 жыл­дың соңында іске қосу жоспарлануда.

Бүгінде ірі жобаларды жүзеге асыра­тын 100 гектар аймақты басқаруды рә­сім­деу Арнайы экономикалық және ин­дустриялық аймақтар туралы Заңға сәй­­­­кес жүзеге асырылып жатқанын айт­қан басқарма басшысы, Қытай кәсіп­орын­дарымен тағы да бірқатар келісімдер жүргізіліп, нәтижесінде көптеген қажетті құрал-жабдықтар мен т.б өндіріс орында­­­рына керекті зат­тардың жеткізіліп жат­қанын айтты. Жал­пы, Қытай елінің ин­вес­торларымен бірқатар жобаларды жүзеге асыру көзделуде. 

Оның қатарында – көкөністер мен жемістерді қайта өңдеу, теріні қайта өңдеу арқылы түрлі медициналық материал­­­дарды дайындау. Тамшыла­тып суару жүйе­лері зауытын салу. Шыбын-шіркей мен жәндіктерге қарсы химия­­лық өңдеу заттарын шығару, мал сою бекеті және мал қалдықтарын қайта өңдеу зауыттарын салу бойынша инвес­­торларды тарту бойынша келіссөздер жүр­гізілуде. 

Облыстағы басшылық бұл мәселе­­­лерді соңына дейін жүзеге асқанша тұ­рақты бақылауға алып, барлық қажетті сүйе­мелдеу жұмыстарын жасайтын бо­лады.

Жалпы, жыл соңына дейін Қытай еліне Кентау қаласы, Сауран, Сайрам, Ордабасы, Қазығұрт және Отырар ау­­дан­­дарының әкімдері және 50-ден аса кәсіп­керлерден құралған делегация ба­рады. Мұнда олар өндіріс техноло­­­гия­­сымен және түрлі салаларға қажетті-жабдықтар­ды өндіру жұмыстарымен та­ныспақ.

Бұдан басқа, биыл облыс басшысы­­ның тапсыр­масына сәйкес, басқарманың ұйымдастыруымен Келес, Сарыағаш, Же­тісай, Шардара, Мақтаарал аудан­да­­­­­ры әкімдерінің және кәсіпкерлерден құ­­­рал­ған делегацияның Өзбекстан Рес­публика­сына іссапары ұйымдасты­­­­рылды. 

Іссапар аясында Сырдария облы­­­­­сында орналас­қан Пэн Шэн (PengSheng) компаниясының индус­триалды айма­­­­ғын­­­­дағы тері өңдеу, сантехника, жела­­­­тин, ка­фель өндірістері және заманауи басқару жүйесі­мен мақта егілген жоба­­­лармен таны­сып, атал­ған индус­триалды аймағы­­­­­ның аналогін Түркістан облысы­нда ашуға ниет білдірді. 

Сонымен қатар шағын кәсіпкерлікті дамыту әрі жұмыссыздық көрсеткішін азайту бағытында тәжірибе алмасу үшін делегацияның Андижан облысындағы «Ипак кучат» кластерінің тұт ағаш­тары­ның планта­циясын аралап, түрлі сорт­тарымен және жібек жібін өндіру зауы­­тымен та­ныстырылымы ұйым­­­­­­­­­­­да­сты­­­­­­­­­­­рылған. 

Өңірдің кәсіпкерлері жібек мата өндірісінің толық процесін бақылап, қызығушылық танытқан кәсіпкерлер жібек өндірушілерімен пікір алмасып, байланыс орнатты. 

Нәтижесінде, Өзбекстандық Жібек ассоциа­циясының төрағасы және Өз­бекстандық кәсіпкер­лер биыл 28 қыр­күйекте облыс әкімімен кездесті. Бұл ба­ғытта Өзбек тарапымен бірлесіп жібек сала­сын дамытудың өңірлік бағдарла­масы әзірленуде.

Осыған қоса, Өзбекстан Республи­касы эко­номикасының жаңа өсу нүк­телерін зерттеу мақса­тында іссапар ұйым­­дасты­рылды. Іссапар аясында мақ­та клас­­­терін және үй жағдайында шағын орта бизнесті дамыту жолдары қарасты­рылды. Облыс­тық делегация Хорезм, Самарқанд, На­ман­ган, Ферғана, Жыз­зақ облыстарына және Ташкент қала­ласы­ның кәсіпкер­лері­мен кездесіп, тәжірибе алмасты және өн­діріс орында­рымен танысқан. 

Нәтижесінде, шағын және орта биз­неске арналған тамаша жобалардың ті­зімі (шеге шығару, сөмке шығару, сүт өнім­дерін шығару, салфетка шығару және т.б.) жасақталып, «Ауыл Аманаты» бағдарлама­сының 6 бағытындағы тізімі­­­­не енгізілді. 

Сонымен қатар іссапар аясында Global Textile мақта кластерін Түркістан облысында дамыту үшін, Global Textile компаниясының басшылы­ғымен тал­­қы­ланды. Қазір аталған жобаның Жол кар­­тасы бекітіліп, Мақтаарал ауда­­нында 30 гектар жерге «Наманган 77» мақта сорты пилоттық ретінде егіл­гендігі жө­нінде Ин­вес­тициялық штаб отырыста­­рында баяндалған болатын.

Сондай-ақ Өзбекстан капиталының қатысуы­мен «Тұран-мебель» жиһаз шы­ғару зауыты инвести­циялық жобасы жү­­зеге асырылуда. Қазіргі кезде Қытай­дан құрал-жабдықтар жеткізілді. Жоба­ны іске қосу 2023 жылдың қазан айының соңында жос­парлануда.

Мұнан өзге, аппараттың апталық отырысында облыс әкімінің тұрғын­­­­­­­­­дармен кездесу барысында көтерілген мәселелерді шешу бағытындағы жұмыс­тар да сараланды. Облыс әкімі аппараты басшы­сының орынбасары Асқар Қаны­бековтың айтуын­ша, былтырдан бері облыс әкімінің деңгейінде 68 кезде­су өтіп, жалпы 610 мәселе көтерілген. Оның ішінде 212 мәселе шешімін тап­­қан, 279 мә­селе орындалу үстінде.

Сұрақтардың басым бөлігі инфра­құ­­­рылымға қатысты. Өңір басшысы тұр­ғындардың өтініште­рін орындау бағы­тындағы жұмыстар қатаң бақы­лауында екенін айтты. Жауаптыларға елдің өті­ніштерін назарға алып, мә­селелерді шешу туралы тапсырма берілді.

Мәжілісте облыс әкімі аппаратының ұйым­дасты­ру-инспекторлық жұмыс ау­мақтық даму бө­лімінің басшысы М. Әліповтің аудан, қалаларды абат­­тан­­­­дыру, көгалдандыру және тазалық жұ­мыс­тары туралы баяндамасы тыңдал­ды. Көгалдан­ды­руға, тазалыққа немқұрайлы қараған аудан, қала әкім­деріне сын-ес­кертпе айтылып, жұмысты жан­дан­­­дыру жөнінде міндеттер жүктелді.

 

Тельман БЕЙСЕН,

Түркістан облысы