Үш облыста үсік жүреді: 5 қазанға арналған ауа райы болжамы

Республика бойынша тұман түсіп, солтүстікте, оңтүстікте, батыста, оңтүстік-шығыста екпінді жел соғады.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан, бүгін, 5 қазанда ауа райы жауын-шашынсыз болады, - деп хабарлайды Aikyn.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасай отырып.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, республиканың батысында және таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады. Сондай-ақ республика бойынша тұман түсіп, солтүстікте, оңтүстікте, батыста, оңтүстік-шығыста екпінді жел соғады.

Түнде оңтүстікте, Ақмола орталығында, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстік-шығысында 1-2 градус үсік жүреді.

Түркістанда, Қызылорда облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл, Маңғыстау облыстарында, Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі бар.