ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері ірі қылмыстық топтарды ұстап жатқанын айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, қылмыстық топтарды ұстау операциялары Жамбыл, Жетісу және Түркістан облыстарында жүрігізіліп жатыр. Операцияға ҚР ҰҚК мен ҚР ІІМ-нің күші мен құралдары және осы екі ведомствоның арнайы жасақтары мен техникалары жұмылдырылған.
Ұсталған қылмыстық топ мүшелері Қырғызстан, Қытаймен және Жамбыл, Жетісу, Түркістан облыстарының шекаралас аймақтарында заңға қайшы әрекеттерін жүзеге асырған.