«AMANAT»: Медициналық колледж мұғалімдерін мерекесімен құттықтады

«AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Абдолла Идресов Атырау жоғары медициналық колледжіндегі «Аманат» бастауыш партия ұйымының мүшелері мен ұжымды 5 қазан Ұстаздар күні мерекесімен құттықтады.

Бүгін  «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Абдолла Идресов Атырау жоғары медициналық колледжіндегі  «Аманат» бастауыш партия ұйымының  мүшелері мен ұжымды 5 қазан Ұстаздар күні мерекесімен құттықтады. 

70 жылдан астам тарихы бар, осы жылдар ішінде аймақтың медицина қызметкерлерін дайындап келе жатқан оқу орнының аймақ үшін орны ерекше.

Колледждегі жиында  филиал төрағасы Абдолла Хамиұлы колледж директоры Лаура Кубаева және бір топ ұстаздар қауымын  «АMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының Алғысхатымен марапаттады. 

– Ұлттың саналы ұрпағы, ел болашағының даңғыл жолы қашан да сіздерден бастау алады. 

 «Ұстаз болу өз  уақытыңды  аямай, өзгенің  бақытын  аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай, аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымы, сіздер барлық құрмет-қошеметке лайықтысыздар.  

Ұстаздар қауымы қоғамдағы ең белсенді жандар. Атырау облысы бойынша 10 мыңға жуық мұғалім «AMANAT» партиясының  мүшесі болса, осы колледждің 50-ге жуық ұстазы «Аманат» бастауыш партия ұйымының мүшелері. 

Бүгінгі төл мерекелеріңізбен  құттықтай отырып, зор денсаулық, шығармашылық табыс, толағай жетістіктер тілеймін, – деді ол. 

Аталған колледж ұжымы  жүрекжарды алғыстарын айтып, жиын соңы колледж өнерпаздарының концертіне ұласты.

Баян Жанұзақова