Дәрігерлер өгей әкесінен зорлық көрген үш жасар егіз қыздардың жағдайын айтты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«3 қыркүйек күні сағат 14.25-те жедел жәрдем бригадасы 2020 жылы туған екі қыз баланы (егіз) анасымен бірге бөлімшеге жеткізді. Балалар бүкіл қажетті тексеруден өтті. Кішкентай қыздардың жағдайы орташа ауыр. Хирургиялық бөлімшеге жатқызылды. Бір балаға жалпы анестезиямен операция жасалды. Медициналық көмек толық көлемде көрсетілді», – дейді Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасы директорының орынбасары Асқар Қалиев.
Еске сала кетейік, 3 қазан күні кішкентай қызды зорлады деген күдікпен Алматы облысында ер адам ұсталған еді.
Кеше ұсталған күдіктінің әйелі де қамауға алынды.
Фото: tayniymir.com