Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық каратэші Лаура Әліқұл мен балуан Әлімхан Сыздықов жүлдегер атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Лаура Әліқұл 68 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері, қытайлық Ли Цяоцяомен финалдық кездесуін өткізді.
Мұнда қытайлық 4:0 есебімен жеңіске жетіп, чемпион атанса, Лаураға күміс бұйырды.
Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен 130 келі салмақта қола жүлде үшін бәсекеде түрікменстандық Айбегшазада Курраевты 5:1 есебімен ұтты.
Тағы бір балуан Ислам Умаев 97 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Рустам Ассақаловтан таза жеңіліп, қола жүлдеге қол жеткізе алмады.
Сондай-ақ бүгін әйелдер күресінен кілемге шыққан қазақстандықтар жүлдесіз қалды.