Картина авторы – отандық суретші Ерлан Айтуаров. Исламбек Салжановтың айтуынша, сыйлық кездейсоқ таңдалмаған.
«5 мың жыл бұрын ата-бабамыз, яғни көшпенді жылқы жануарын бірінші болып ерттеп мініп, бүкіл адамзат өркениетінде серпіліс жасады. Міне, осы сәттен бастап жылқы ең жылдам әрі негізгі көлік құралына айналды. Бұл – тарихтың бағытын өзгертті. Жылқыны алғаш қолға үйреткен – қазақ даласы. Сіз дизайнын жасаған Ferrari көлігінде ат бейнеленген эмблема бар.
Сізге тарту еткен картинада Аламан бәйге бейнеленген. Ол – қазақтың ұлттық ат жарысы. Бірнеше мәрте чемпион болған Формула-1 сияқты темір тұлпар жарысының бастауында осы аламан бәйге тұр деп айтуға болады.
Сізді 2024 жылы қыркүйекте Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына шақырамын», – деп түйіндеді сөзін Исламбек Салжанов.
Фрэнк Стивенсон тарту етілген сыйлықты жоғары бағалайтындығын, ал заманауи шығармашылықты шабыттандыруда тарихтың маңызы биік екендігін айтты. Дизайнер Исламбек Салжановқа өнер туындысы мен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына шақырғаны үшін алғысын білдірді.
Айта кетейік, Исламбек Салжанов – қазақстандық кәсіпкер, меценат, Қазақстан ұлттық спорт қауымдастығының президенті.
Фрэнк Стивенсон – Ferrari F430, Ford RS Cosworth, BMW X5, жаңа MINI, Maserati MC12, Fiat 500, McLaren автомобильдерінің әлемге әйгілі дизайнері.