Қазақстандық спортшы Азия ойындарында қола жүлдегер атанды

Алғашқы екі орын Қытай мен Өзбекстаннан келген ескекшілерге бұйырды.

Қытайда өтіп жатқан XIX Азия ойындарында ұлттық құрама мүшесі Александр Куликов қола медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстандық спортшы Александр Куликов (97.04 секунд уақыт аралығында) каноэде слаломмен есуден үшінші орынды иеленді.

Алғашқы екі орын Қытай мен Өзбекстаннан келген ескекшілерге бұйырды.