Азия ойындарында каратэден ел намысын қорғаған Қайсар Алпысбай алтын медаль иеленді, – деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
«60 келіде ел намысын қорғаған Қайсар финалда Кувейт елінің спортшысы Абдулла Шаабахты жеңіп, ел қоржынына тоғызыншы алтын жүлдені салды», – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта Қазақстанның қоржынында 66 медаль бар: 9 алтын, 16 күміс және 41 қола.