Бүгін Астана мен тағы төрт қалада ауа ластанады

Сенбі, 7 қазанда Павлодарда, Риддерде, Семейде, Өскеменде, сондай-ақ Астанада ауа сапасы нашарлайды.

"Қазгидромет" мамандарының мәліметінше, бүгін, 7 қазанда  Павлодарда, Риддерде, Семейде, Өскеменде, сондай-ақ Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлардың қысқамерзімді ерекше жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.