ҚазАқпарат-тың жазуынша, жергілікті билік Ауғанстанның батысындағы Герат провинциясында жер сілкініп, кемінде 120 адам мерт болғанын, мыңнан астам адам жарақат алғанын мәлімдеген.
Құрбан болғандар мен жарақат алғандар саны өсуі мүмкін. Өйткені көп адам әлі қирандылар астында жатыр.
Зілзаладан әсіресе Зенда Джан ауданындағы 4 ауыл қатты зардап шекті, онда ондаған үйге зақым келген.
АҚШ геологиялық қызметінің мәліметтері бойынша, сенбі күні осы ауданда 6.3 магнитудалы дүмпу болған. Зілзаланың ошағы Герат қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 шақырым қашықтықта жатыр.
Фото: Anadolu Agencyер