Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың орталығында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.
Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с болады.
Ақтөбе облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 17-22 м/с-ке жетеді.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде 15-20, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 25 м/с болады.
Павлодар облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Ұлытау облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с болады.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында жоғары өрт қаупі бар.
Шымкентте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, 15-20 м/с-ке жетеді, жоғары өрт қаупі сақталады.