Lada.kz басылымының жазуынша, Ақтау тұрғыны жетінші ықшамаудандағы үйлердің біріне қарама-қарсы жол бойында тұрақ белгісін байқаған. Белгіде мүлік агенттігінің клиенттері көліктерін қалдыра алатыны көрсетілгген.
"Мұндай көлік тұрағы қаншалықты заңды?", – дейді жергілікті тұрғын.
Жағдайға полиция қызметкерлері араласты. Тәртіп сақшылары жолдағы темір белгіні алып тастады. Полиция департаменті мұндай жағдайда 102 нөміріне хабарласу керектігін еске салды.