Мысырда полиция қызметкері екі израильдік туристі атып тастады

Мысыр полициясының қызметкері Жерорта теңізіндегі Александрия қаласында израильдік туристерге оқ жаудырып, кем дегенде екі израильдік пен бір мысырлық азаматты өлтірді, – деп жазады Аikyn.kz.

ҚазАқпараттың  жергілікті БАҚ қауіпсіздік қызметкерлеріне сілтеме жасап хабарлауынша, Помпей бағанасы маңында жасалған шабуылда тағы бір адам жарақат алған.

Хабарламада шабуыл жасады деген күдіктінің ұсталғаны айтылды.

Қауіпсіздік қызметкерлері шабуыл болған жерді дереу қоршауға алды.

Әлеуметтік желіде тараған әуесқой бейнетүсірілімде кем дегенде үш жедел жәрдем көлігінің зардап шеккендерді ауруханаларға апара жатқаны көрінеді.

Фото: euronews.com