Жаңбыр, жел, тұман: 9 қазанға арналған ауа райы болжамы

Елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы күтіледі.

"Қазгидромет" синоптиктері 9 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

"Елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы күтіледі: жаңбыр жауады; батыста түнде қатты жаңбыр болып, найзағай ойнайды. Республика бойынша екпінді жел соғып, солтүстік-батыста және шығыста тұман түседі.

Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Атырау облысының орталығында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі болады", – делінген хабарламада.

Фото: alataunews.kz