Көлік прокурорлары «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалдарында қаржыландыруға жатпайтын 742 адамға 10 млн теңгеден астам сомаға сыйақылар мен төлемдерді заңсыз есептеу фактілерін анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембайдың мәлімдеуінше, кәсіпорынның Ақмола филиалы өмірден жеті жыл бұрын өткен зейнеткер атына ақшалай қаражат аударып отырған.
"Бұдан бөлек, Қарағандыда кадр бөлімінің басшысы ата-анасын теміржолшы зейнеткері ретінде заңсыз тізімге қосып, оларға бес жыл бойы 1 млн теңгеден астам сомаға жеңілдіктер, өтемақы төлемдері мен сыйлықақыларды беріп отырған", – деді Дархан Дүйсембай.
Қазір заңсыз төлемдерді қайтару бойынша шаралар қабылданып жатыр.
Сонымен қатар, аудиторлық тексерулер тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.