Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек және құтқарушыларды жібереді

Жүк жақын арада әуе және теміржол көлігімен жөнелтіледі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетеді. Бұл мәселе Үкіметтік комиссияның отырысында талқыланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Гуманитарлық көмек азық-түлік тауарлары, шатыр, дәрі-дәрмек, киім-кешек және басқа да қажетті заттардан тұрады.

Жүк жақын арада әуе және теміржол көлігімен жөнелтіледі. 

Сондай-ақ Ауғанстанға үйінді астында қалған адамдарды құтқару үшін ТЖМ құтқарушылары, соның ішінде кинолог мамандар жіберіледі.

Қазақстан биылғы 7 қазанда Герат провинциясында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын жою мақсатында Ауғанстанға қолдау көрсетеді.