Шымкентте сегіз жасар баланы көлік қағып өлтірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оtyrar.kz жазуынша, қайғылы оқиға 7 қазанда кешкі сағат 20:00 шамасында болған.
«Арғынбеков көшесінде BMW жүргізушісі баланы басып кеткен. Оқушы жаяу жүргіншілер өткелінде жол ережесіне сәйкес жолды кесіп өткен. Жеткіншек оқиға орнында көз жұмды», – делінген хабарламада.
Жүргізуші 40 жастағы ер адам болған. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Фото: Halyq Uni