Ұлттық ұлан сарбазы басына оқ атып қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«9 қазанда сағат 01.20 шамасында Теміртау қаласынан шақырылған 6636 әскери бөлімінің сарбазы кезекші бөлімшенің құрамындағы қызметі кезінде штаттық қарудан өз басына оқ атып, көз жұмды», – делінген хабарламада.
Қазіргі кезде оқиғаның себептері анықталуда. Қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.
«ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді», – делінген ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі хабарламасында.
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі