ХАМАС Тель-Авивтегі әуежайға оқ жаудырды

Сондай-ақ, Қазақстан Үкіметі Тель-Авивке жіберілетін арнайы репарациялық рейсті ұйымдастыру мәселесін пысықтап жатыр.

ХАМАС Тель-Авивтегі Бен-Гурион әуежайына тағы бір зымыран соққысын жасағанын мәлімдеді. Куәгерлердің хабарлауынша, Израильдің Тель-Авивтегі Бен-Гурион басты әуежайының жанында Газа секторынан атылған зымыран құлаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz BBC Russian-ға сілтеме жасап.

 

Бірқатар әуекомпаниялар Тель-Авивке ұшуын тоқтатты (соның ішінде үш америкалық тасымалдаушы, Air France, Lufthansa және Emirates те бар), бірақ әуежай әлі де кейбір эвакуациялық рейстерді жіберіп жатыр.

Таиланд өзінің жүздеген азаматтарын Израильден қалай шығару керектігін шешіп жатқанын айтты. Мыңдаған таилар Газа секторымен шекараға жақын жерде ауыл шаруашылығында жұмыс істейді. Непал өзінің он азаматы қайтыс болғаннан кейін де осындай эвакуациялық жоспарларды қарастыруда. Венгрия мен Польша үш жүз азаматын үш ұшақпен алып кетті.

Сонымен қатар, ҚР СІМ Ресми өкілі Айбек Смадияров БАҚ тілшілеріне арналған брифинг барысында Үкімет деңгейінде алдағы күндері Тель-Авивке жіберілетін арнайы репарациялық рейсті ұйымдастыру мәселесі пысықталып жатқанын айтқан болатын. Оның сөзінше, Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігінің бағалауы бойынша Израильде консулдық есепте тұрмайтын 400-ден астам ҚР азаматы бар болуы мүмкін.

Қазіргі уақытқа дейін Қазақстанға оралуға 118 қазақстандық өтініш білдірді.